Басты бетЖаңалықтарАлматыда тау бөктеріндегі нысан сүріліп жатыр

Алматыда тау бөктеріндегі нысан сүріліп жатыр

Алматыда сот шешімімен тау бөктерінде салынған ірі нысан сүріліп жатыр. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Нұрмағамбетов көшесі, 374/1 мекенжайдағы төрт қабатты ғимарат заңсыз деп танылған.

Нысан заңсыз салынған. 2022 жылы құрылыстың тиісті құжаты болмағандықтан басқарма өз бетінше салынған ғимаратты бұзуға талап-арыз берген еді. Кейін сот процесі жүрді, — делінген хабарламада.

2022 жылғы 29 қарашада Алматы соты басқарманың талап-арызын қанағаттандырды және Алматының әділет департаменті атқарушылық іс қозғаған болатын.

Қала тұрғындарына ғимараттың заңсыз салынғанын ескерту үшін нысан жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын тізімге енгізілді, — делінген хабарламада.