Басты бетЖаңалықтарАлматыда тағы бір көше екі айға жабылады

Алматыда тағы бір көше екі айға жабылады

Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Саин – Шаляпин – Яссауи – Жандосов көшелері бойында су құбыры және кәріз желілерін тарту жұмыстарының басталуына байланысты 23 маусым мен 30 тамыз аралығында Яссауи көшесінде автокөлік қозғалысы кезең-кезеңімен шектеледі:

  • 23 маусымнан бастап 8 шілдеге дейін Жандосов көшесінен Степная көшесіне дейін қозғалыс шектеледі.
  • 8 шілде – 21 шілде аралығында Степная көшесінен Тайбурыл көшесіне дейін жол жабылады.
  • 21 шілдеден бастап 10 тамызға дейін Тайбурыл көшесінен Яссауи көшесі, 13а мекенжайына дейін жабылады.
  • 10 – 31 тамыз аралығында Яссауи көшесі, 13а мекенжайынан Шаляпин көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.

Инженерлік желілерді төсеу жұмыстары тығыз тасты топырақтың болуына байланысты ашық әдіспен жүргізіледі. Бұл көлденең бағытта бұрғылау әдісін (КББ) қолдануға мүмкіндік бермейді, – делінген хабарламада.