Басты бет Жаңалықтар Халықаралық бизнес Қазақстанға технологиялық және экологиялық тұрғыдан өсуге қалай көмектесіп жатыр?

Халықаралық бизнес Қазақстанға технологиялық және экологиялық тұрғыдан өсуге қалай көмектесіп жатыр?

Фото: Филип Моррис Қазақстан
Ел президенті мен әртүрлі деңгейдегі шенеуніктер шетелден инвестиция тарту маңызды екенін бірнеше рет айтып өтті.

Шетелдік компаниялардың инвестициясы — қаржылық қолдау ғана емес, заманауи технологиялардың трансфері, адами капиталдың өсуі және жаңа экономикалық перспективалар екені сөзсіз.

1993 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Филип Моррис Қазақстан» (ФМҚ) компаниясы дәл осындай ұстаныммен жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында компания Қазақстан экономикасына 288 миллиард теңгеден астам инвестиция салды, қазір де өндірісті жаңғыртуды жалғастырып жатыр. Олар инвестиция көлеміне емес, сапасына — инновацияға, маман даярлауға және экологияға ұқыпты қарауға басымдық береді.

2025 жылы Алматы облысындағы фабрикада Қазақстандағы алғашқы түтінсіз өнім шығаратын желілер іске қосылды. Бұл жоба компанияның түтінсіз болашаққа көшу жөніндегі жаһандық стратегиясы аясында жүзеге асып жатыр және Қазақстанның әлемдік темекі индустриясындағы рөлі артып келе жатқанын көрсетеді.

Адам мен өндіріс: бірге өсу

Жаңа өндіріс айтарлықтай инвестиция талап етті: шамамен 33 миллиард теңге инфрақұрылым құрылысына, технологиялық жабдықтауға және персоналды оқытуға жұмсалды. Жалпы инвестиция көлемі 77 миллиард теңгеден асады. Қазіргі уақытта барлық процесс автоматтандырылған және барлық кезеңге сапаны бақылаудың цифрлық жүйесі енген. Бүгінде зауытта 100-ден астам адам жұмыс істейді, ал 2030 жылға қарай штат саны екі есе ұлғаяды.

Жұмыс орны санын ғана емес, ең алдымен олардың сапасын арттыру туралы сөз болып отыр. Олар — өндіріс аймағында тәжірибе жиған жоғары технологиялық және білікті мамандар. Бұл — Қазақстан азаматтары үшін мансап жасауға арналған жаңа мүмкіндік, жаңа дағды меңгеру және ұзақмерзімді перспектива, — деді Энрике Хименес.

Қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту және халықаралық сарапшылар қатысатын тағылымдама әлемдік стандарттарға сай білік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Компания кадрларын дамытуға бағытталған стратегия мемлекет саясаты басымдықтарына толық сәйкес келеді. Қазақстанда 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарын дамыту жылы деп жарияланған еді.

Фото: Филип Моррис Қазақстан

Экономика мен тұрақтылыққа қосқан үлес

ФМҚ 30 жыл ішінде шамамен 800 жұмыс орнын ашты және бюджетке 1 триллион 32 миллиард теңгеден астам салық төледі. 2024 жыл қорытындысы бойынша компания елдегі ең ірі он салық төлеушінің қатарына кірді. Бұл нәтиже бизнестің ауқымын ғана емес, оның тұрақтылығын да көрсетеді.

Компания 1993 жылы ашылған, шетелдік ірі инвесторлар мен салық төлеушілердің бірі. Бүгін біз Қазақстан — тұрақтылық пен адами капиталдың әлеуетіне, атап айтқанда жас әрі білімді халыққа, цифрлық сауаттың артуына, кәсіби білім беру жүйесінің қарқынды дамуына және жұмыс күшінің жоғары бейімділігі мен мотивациясына сүйене отырып, бизнес ашуға болатын ел екенін тағы бір мәрте растаймыз. “Филип Моррис Қазақстан” компаниясының үлгісі басқа инвесторларға да белгі болатынына сенеміз, — деді Энрике Хименес.

Инновациялық стиктерді өндіру компанияға ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа да шығуға мүмкіндік берді: өнімдер Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Арменияға жеткізіліп жатыр. Болжам бойынша, 2025 жыл соңына қарай зауытта өндірілетін түтінсіз өнімдердің үлесі 22%-ке жетеді.

Зиянды азайту мен экологияға басымдық беру

Өндірісті жаңғырту экологиялық қауіпсіздік пен денсаулықты қорғауға бағытталған. Түтінсіз өнімнің дәстүрлі темекіден айырмашылығы, мұндай темекі жанбайды, тек қызады – бұл зиянды заттардың деңгейін шамамен 95% төмендетеді.

Никотиннен толық бас тартуға дайын емес, бірақ зиянды айтарлықтай азайтуды қалайтындарға түтінсіз балама ұсынамыз. Өткені біз әлемнің темекі түтінінен азат бола алатынына сенеміз, – деді Энрике Хименес.

Экологиялық негіз — компания дамуындағы негізгі бағыттардың бірі. 2020 жылдан бастап фабрика жаңартылатын электр энергиясына көшті, бұл Kinekt (I-REC) халықаралық сертификаты арқылы расталды. Қазандықты жаңғырту оның тиімділігін 93% арттырды. «Филип Моррис Интернэшнл» халықаралық стандарттарына сай салынған жаңа өндірістік желілер шикізат пен энергия шығынын қысқартуға қосымша ықпал етті. Осы жүйелі қадамдар компанияға кейінгі жеті жылда CO₂ шығарындысын 79% азайтуға мүмкіндік берді.

2023 жылы фабрика аудиттен өтіп, су ресурстарын ұтымды және ұқыпты басқаруды растайтын AWS (Alliance for Water Stewardship) халықаралық сертификатын алды. Мұны цифрмен көрсетсек, 2021 жылдан 2024 жылға дейін өнімнің миллион бірлігіне шаққандағы су тұтыну көлемі 5,24 м³-тан 3,79 м³-қа төмендеді. AWS сертификаты жыл сайын расталады және компанияның ұзақмерзімді стратегиясына сай келеді.

Тұрақты даму

Технология мен инвестициярға басымдық беру Қазақстанның аймақтық индустриялық хаб ретінде позициясын айтарлықтай нығайтып, елдің экспорттық әлеуетін арттырады. Жаңа өндірістік желіні іске қосу және жаңғырту «Филип Моррис Қазақстан» компаниясына елдегі қатысу аясын кеңейтуге және экономикаға айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді. Компания жұмыс орнын ашып, ілеспе салаларды (логистикадан инженерияға дейін) дамытып, тұрақты өндіріс тиімді, экологиялық және бәсекеге қабілетті бола алатынын дәлелдеп отыр.

Exit mobile version