Басты бет Жаңалықтар Қазақстан азаматы Армениядан экстрадицияланды: ол өмір бойына сотталуы мүмкін

Қазақстан азаматы Армениядан экстрадицияланды: ол өмір бойына сотталуы мүмкін

Фото: Glavk.info
Қазақстан азаматы Армениядан экстрадицияланды. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазақстан Республикасының бас прокуратура мен ІІМ қызметкерлері Армения Республикасындағы елшілік көмегімен бұрын бірнеше рет сотталған Қазақстан азаматын адам өлтіруге оқталу дерегі үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ереваннан экстрадициялады.

2024 жылғы қыркүйекте Петропавлда күдікті мас күйінде бұзақылық ниетпен жәбірленушінің өмірлік маңызды органдарына пышақпен бірнеше рет жарақат салған. Ол шұғыл медициналық көмектің арқасында аман қалды, — делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін шабуылдаушы қылмыстық қудалау органдарынан қашып кеткен, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.

Былтыр қазанда ол Армения аумағында ұсталып, Қазақстан бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланған. Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Қылмыс бойынша мүлкін тәркілеу арқылы 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген.

Exit mobile version