Басты бетЖаңалықтарҮкімет Қазақстандағы 123 мың әйелге 18 миллиард теңге төлеген

Үкімет Қазақстандағы 123 мың әйелге 18 миллиард теңге төлеген

Биыл үкімет Қазақстандағы 123 мың әйелге 18 миллиард теңге төлеген. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, мамыр айының өзінде осындай 124 мың анаға мемлекеттік бюджеттен 3,6 миллиард теңгеге жәрдемақы төленген. Бұдан өзге  жыл басынан бері осы мемлекеттік жәрдемақыны қосқанда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бала босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты 333 мыңнан астам әйелге 371,6 миллиард теңге төлеген екен.

Биылғы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.