Басты бетЖаңалықтарПавлодарда тойда уланғандарға нақты диагноз қойылды

Павлодарда тойда уланғандарға нақты диагноз қойылды

Павлодарда тойда астан уланып, жаппай ауруханаға түскен науқастарға нақты диагноз қойылды. Бұл туралы КТК. хабарлап отыр.

Зертхана қорытындысы бойынша, олардан сальмонеллез анықталған. Іші өтіп, өзін жайсыз сенінген 30-дан аса адам әртүрлі уақытта бір мейрамханаға тойға барған.

8 маусымда өткен қыз ұзату тойының қонақтары мейрамханадан кейін ауруханаға жеткізілген. Ертесіне сол тойханада өткен тағы бір қуанышты дастарқанның қонақтары да дәрігерлерге жүгініпті, — делінген хабарламада.

Жалпы саны 20 адам ауруханаға жатқызылса, 14 науқас үйінде емделді. СЭС мамандары тойханадағы ыдыс аяқтар мен қызметкерлерінен түрлі сынама алған. Тексерген кезде бұл мейрамхананың санитария-эпидемиологияға қатысты рұқсаты жоқ болып шықты. Тура сол күні тойхананы жабуға қаулы шығарады. Бірақ оның иесі келесі күні басқа той өткізіп, оның да қонақтары жаппай ұшынған.

Науқастарға сальмонеллезді энтерит диагнозы қойылды. Патоген бактерия ет, сүт өнімдерінде болған. Қазір іс полицияға жолданды.