Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның бірқатар өңірінде 44 градус ыстық болады

Қазақстанның бірқатар өңірінде 44 градус ыстық болады

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты ыстық, бұршақ, жел және найзағай болады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

Павлодарда 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Қостанайда найзағай және жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды және Павлодар облыстарында найзағай, 36-38 градусқа дейін қатты ыстық және жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Қостанай және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай, күшті жел, күндіз 36 градусқа дейінгі ыстық және жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау, Маңғыстау облыстарында найзағай, 15-20 м/с екпінді жел және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Семей, Шымкент, Түркістан қалаларында және Түркістан облысында 15-20 м/с екпінді жел, 40-44 градусқа дейінгі қатты ыстық және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда, Көкшетау, Қызылорда, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай, бұршақ, дауыл, қатты жел және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.