Басты бетЖаңалықтарАлматының Медеу ауданында цех өртенді

Алматының Медеу ауданында цех өртенді

Алматының Медеу ауданында цех өртенді. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, сағат 09:17–де өрт сөндіру бригадалары Халиуллин көшесінде жалын шарпыған нысанға жіберілген.

Оқиға орнында 5 минутта жеткен құтқарушылар тоқаш өнімдерін шығаратын 1 қабатты цехтің өртке оранғанын анықтаған. Қабылданған жедел шаралармен өрт 37 минут ішінде сағат 9:59–де оқшауланды. Өрттің таралу қаупі және зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайға байланысты Талғар трассасында үлкен кептеліс пайда болды. Әлеуметтік желіде ұзын-сонар тұрған көліктердің бейнежазбасы тарады.