Басты бетЖаңалықтарАзаматтарды 25 миллион теңгеге алдаған туристік агент сотталды

Азаматтарды 25 миллион теңгеге алдаған туристік агент сотталды

Оралда туристік қызмет көрсету түрімен жасалған алаяқтық әрекет тоқтатылды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлап отыр.

Орал қаласының тұрғыны анасын жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, жалған туристік қызметін ұйымдастырған.

Заңды бизнестің көрінісін жасай отырып, ол әлеуметтік желілерде жарнама орналастырып, клиенттермен ресми келісімшарттар жасап, фискалдық чектер берген және мессенджерлер арқылы байланыс жүргізген. Бұл азаматтардың оның қызметіне деген жалған сенімін қалыптастырған, — деп жазылған хабарламада.

15-тен астам адам алаяқтың құрбаны болды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 25 миллион теңгеден асқан.

Орал қалалық сотының үкімімен алаяқ екі және одан да көп адамға қатысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан жеті жыл мерзімге және бес жылға бас бостандығынан айырылды.