Басты бетЖаңалықтарERG Рудныйдағы ауруханаға заманауи медициналық жабдық тарту етті

ERG Рудныйдағы ауруханаға заманауи медициналық жабдық тарту етті

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Eurasian Resources Group Рудный көпсалалы қалалық ауруханасына Германияда жасалған жоғары дәлдіктегі уретерореноскоп сатып алуға арналған сертификат табыстады.

Өңірдегі медицина инфрақұрылымын дамытуға арналған көмек қайырымдылық шарасы ретінде көрініс тапты.

Айта кетейік, уретерореноскоп – несеп жолдары ауруларын анықтап, сапалы емдеуге мүмкіндік беретін заманауи құрал. Рудный ауруханасы урология бөлімінің меңгерушісі Алмас Естияровтың айтуынша, бұл жабдықтың ауруханаға келуі емдеу сапасын жақсартады.

Бұл құрал несеп жолдарындағы тастарды қауіпсіз әрі тиімді алып тастауға көмектеседі. Жылына 200-ден астам ота осы әдіспен жасалады. Бұған дейінгі құрылғы ескіріп, жаңарту қажет болғандықтан, біз ERG-дің көмегіне жүгіндік. Компания біздің өтінішімізге бейжай қарамай, қолдау көрсетті. Бұл жүздеген науқас үшін үлкен көмек, – дейді ол.

ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов бұл бастама компанияның әлеуметтік жауапкершілік бағытындағы маңызды қадамы екенін атап өтті.

Жоғарытехнологиялы жабдық әперу арқылы біз Рудный қаласының денсаулық сақтау саласына үлес қосып отырмыз. Бұл қалада біздің ірі өндірістік кәсіпорнымыз – ССКӨБ орналасқан. Қызметкерлеріміз бен олардың отбасының, жалпы қала тұрғындарының саулығы біз үшін аса маңызды, – деді ол.

Еске салайық, ERG компаниясы жыл сайын еліміздің түрлі өңіріндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қомақты қаржы бөліп келеді. Соның нәтижесінде мектептер мен ауруханалар салынып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, спорт нысандары бой көтерді. Компанияның әлеуметтік инвестиция көлемі 400 миллиард теңгеге жуықтады.