Бүгін, 16 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директорын ауыстырды.
Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Ақорда мәліметінше, бұған дейін институтты Еркін Тұқымов басқарған.
Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Енді институтты бұрынғы экономика вице-министрі Жандос Шаймарданов басқарады.
Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.