Қазақстанның алты азаматы еліне қайту үшін Астара шекара бекеті арқылы Әзербайжан шекарасынан өткен. Бұл туралы Report-тың Оңтүстік бюросы хабарлап отыр.
Оларға медицина көмегін алуға жағдай жасалып, таңғы ас берілген.
Эвакуация процесі жалғасып жатыр.

Кейбір шетел Әзербайжан үкіметінен өз азаматтарын Ираннан эвакуациялау және Әзербайжан аумағы арқылы еліне қайтару үшін көмек сұрағанын хабарлады, — деп жазды Report сайты.
Әзербайжан гуманитарлық принциптерді басшылыққа ала отырып, Астара шекара бекеті арқылы шетел азаматтарын эвакуациялауға жағдай жасап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 13 маусымға қараған түні Израильдің әскери-әуе күштері Иранның ядро бағдарламасына кіретін ғимараттарына соққы жасаған еді. Ал 14 маусымға қараған түні Иран Израильге 100-ден аса баллистикалық зымыран жіберді.