Мемлекет басшысы Америка құрама штаттарының президенті Дональд Трамптың туған күніне құтты болсын айтып, жеделхатхат жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын жазып өтті.
Мемлекет басшысы АҚШ президентіне Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін ұстанымы үшін ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар еліміздің Құрама штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады, — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.