Қазақстаннан ұшқан ұшақтар Иран мен Ирак әуе кеңістігі айналып өтеді. Бұл туралы Air Astana хабарлап отыр.
Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді.
Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айланып ұшады. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстердің кестесінде өзгертулер болуы мүмкін, — делінген хабарламада.