13 маусымға қараған түні Израильдің әскери-әуе күштері Иранға соққы жасады. Бұл туралы DW хабарлап отыр.
Тегеранда жарылыстардың дыбысы естілді. Израиль төтенше жағдай режимін жариялап, өзінің әуе кеңістігін жапты.
Израиль мемлекеті Иранға алдын ала соққы жасағаннан кейін, жақын арада Израиль мен оның бейбіт тұрғындарына зымыран сонымен қатар дрон шабуылдары жасалады деп болжанып отыр, — деді Кац The Times of Israel басылымына берген сұхбатында.
Иранның әуе қорғаныс жүйесі толық жауынгерлік дайындыққа келтірілгені және Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайда барлық қатынас тоқтатылғаны хабарланды.
Израиль де өз әуе кеңістігін жапты.