Басты бетЖаңалықтарТоқаев Үндістандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Үндістандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент ұшақ апатына байланысты Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты. Қазақстан президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Үндістанның батысында орналасқан Ахмадабад қаласының әуежайының маңында Air India әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады.