Басты бетЖаңалықтарАлматыда өртенген үйден адамның мәйіті табылды

Алматыда өртенген үйден адамның мәйіті табылды

12 маусымға қараған түні Алматының Түрксіб ауданында жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын екі тұрғын үй өртенді.

Бұл туралы ТЖД хабарлап отыр.

Жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жолға шыққан өрт сөндіру көлігінің бірі аударылып қалды.

Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Көлік жедел түрде қалпына келтірілді, техникалық жағдайы жарамды, оқиға орнына жіберілді, — делінген хабарламада.

15 техника бірлігі мен 50-ден астам жеке құрам жұмылдырылды. Бірнеше меншік иесіне тиесілі «барачный» тұрғын үйден өрт шығып, көршілес төрт иелікке тиесілі басқа үйге, монша мен шаруашылық құрылысына шарпыған. Жалпы өрт аумағы 500 шаршы метр. Өртті сөндіру кезінде газ баллоны жарылды, абырой болғанда жеке құрам арасында зардап шеккендер жоқ.

Оперативті шаралардың арқасында өрт сағат 00:55-те өрт оқшауланды. Өртті сөндіру барысында бір адамның мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.