Үндістанның батысында орналасқан Ахмадабад қаласының әуежайының маңында Air India әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады.
Бұл туралы ВВС хабарлап отыр.
Қаза болғандар туралы мәлімет жоқ. Flight Radar мәліметінше, AI171 рейсі Лондонның Гэтвик әуежайына бағыт алған. Бұған дейін ұшақтың Англияның басқа қаласы Бирмингемге бара жатқаны хабарланған болатын.
Ұшақ бортында 242 жолаушы болған.