Елордада жеңіл автокөлік жолаушылар автобусына соқты. Жол апатынан зардап шеккен жандар бар.
Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.
Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Республика даңғылы бойымен келе жатып, оңға бұрылу кезінде жолаушылар автобусымен соғысты. Жол апаты салдарынан автобустың екі жолаушысы жарақат алды. Жолаушылар медициналық көмек алып, кейін үйлеріне жіберілді, — делінген хабарламада.
Қазір тексеру амалдары жүріп жатыр.