Басты бетЖаңалықтар"Астана–Қарағанды" бағыты бойынша жаңа электр пойызы жүре бастады

«Астана–Қарағанды» бағыты бойынша жаңа электр пойызы жүре бастады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ №6857/6858 «Астана–Қарағанды» бағыты бойынша жаңа Comfort+ электр пойызын іске қосты.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Үшінші класты бұл заманауи құрам – еуропалық стандарттарға толық сәйкес келеді. Алты вагоннан тұратын пойыз 576 жолаушыға арналған.

Инклюзивтілікке ерекше назар аударылды:

  • әр вагонда биотуалет,
  • мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы санитарлық тораптар,
  • құрамның екі жағындағы көтергіш құрылғылар бар.

Қарт кісілер мен балалармен жүрген жолаушыларға арналған автоматты табалдырықтар орнатылған. Әр орында гаджеттерді қуаттау үшін USB-розетка орнатылған. Вагонда вендинг автоматтары бар – жолда жеңіл тамақ пен сусын алуға болады, — деп жазылған компанияның хабарламасында.

Сонымен қатар машинист кабинасында көппозициялық эргономикалық кресло орнатылып, машинистің жағдайы жақсартылған. Электропойыз бекітілген кесте бойынша күн сайын жүреді. Билет бағасы – 3 202 теңге.