Басты бетЖаңалықтарАлматыда полицияға қарсылық көрсеткен бір топ адам ұсталды

Алматыда полицияға қарсылық көрсеткен бір топ адам ұсталды

Алматыда полицияға қарсылық көрсеткен бір топ адам ұсталды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда ер адамның полиция қызметкеріне қарсы дөрекі іс-әрекет жасағанын, ал жанындағы азаматтар оны қостап тұрғанын көруге болады.

Алматы қаласы полиция депарментінің мәліметінше, бүгін таңертең «102» қызметіне қаланың орталығындағы мекемеде қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына бірнеше патрульдік экипаж жіберілген. Олар мас күйіндегі бір топ азаматпен кездескен.

Азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына дөрекі түрде қарсылық көрсетті. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында алты азаматтың барлығы ұсталып, Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, — делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Одан бөлек құқық бұзушылар әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін де жауапкершілікке тартылған.