Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 12 маусымда ауа райы қандай болады?

Қазақстанда 12 маусымда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялап отыр.

Республикамыздың басым бөлігіндегі ауа райына оңтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттар ықпалын тигізеді.

Жаңбыр жауып, найзағай болады. Еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, орталықта бұршақ болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, дауыл болады. Республикамыздың оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек еліміздің шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады, — делінген хабарламада.

Алматы, Қарағанды облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі, — делінген хабарламада.