Астанада №101 станциясында екі вагоннан тұратын LRT құрамын көтеру жұмыстары сәтті жүргізілді. Бұл туралы City Transportation Systems хабарлап отыр.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, құрамды көтеру барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарын сақтай келе штаттық режимде өтті. Құрамды көтеру – LRT жүйесін салу аясындағы жоспарлы шаралардың бір бөлігі.
Вагондар станцияда 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған сынақтық іске қосу жұмыстарына дейін тұрады.
LRT жобасын іске асыру – заманауи қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың мобильдігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Алғашқы құрамды көтеру – жобаны жүзеге асырудағы маңызды кезең. Біз жұмыс кестесіне сай алға жылжып келеміз, алдағы күзде LRT жүйесінің сынақ жұмыстарын бастаймыз, — деді City Transportation Systems ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.