Басты бетЖаңалықтарӘскери қызметкерлердің...

Әскери қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға өседі

«Бiз қос мереке қарсаңында көп азаматтарды, әсiресе әскери қызметкерлердi марапаттап, тиiстi шендерiн беретiнбiз. Биылғы кездесудiң мәнi ерекше. Себебi, тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдық мерекесi, оның үстiнде Қарулы күштерiмiздiң 25-жылдығы аталып өтуде. Осынау мерейлi белесте ерекше ерлiгiмен көзге түскен азаматтарды марапаттаймын. Сiздер осы жылдар iшiнде бейбiт өмiрде де ерлiкке жол бар екенiн көрсетiп келесiздер. Сондықтан, мен сiздердi әр салада iстеген iстерiңiз, қызметтерiңiз үшiн, көрсеткен ерлiктерiңiз үшiн бүгiн марапаттаймын», — дедi Мемлекет басшысы Ақордада өтiп жатқан салтанатты рәсiмiнде.

Елбасы биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап әскери қызметкерлердiң жалақысын 25 пайызға өсiру туралы шешiм қабылдағанын айтты.

«Тәуелсiздiктiң 25-жылдығы мен қарулы күштерiмiздiң 25-жылдығына орай Қорғаныс министрлiгi әскери қызметкерлерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қызметкерлерiнiң, Ұлттық гвардия мен Мемлекеттiк күзет қызметi өкiлдерiнiң еңбекақысын 1 шiлдеден бастап 25 пайызға көтеру туралы шешiм қабылдадым», — дедi Назарбаев.

ДереккөзBaq.kz