Басты бет Жаңалықтар Хайуанатар бағында алғаш рет төрт қонжық туды

Хайуанатар бағында алғаш рет төрт қонжық туды

Томскінің жылжымалы хайуанаттар бағындағы Маша есімді аю алтыншы ұрпағын дүниеге әкелді, бұл ретте бірден төрт қонжық туылған, деп хабарлады ТАСС агенттігіне хайуанаттар бағынан.

«Біздің хайуанаттар бағының жұмыс істеп жүргеніне 15 жыл болды, бүкіл тарихында алғаш рет төрт қонжық туды. Әдетте екі-үш қонжықтан болушы еді, бірақ төртем — сирек жағдай. Бұл Маша мен Гошаның алтыншы ұрпағы. Бұған дейін Маша Улан-Удэ, Благовещенство, Хабаровск, Уссурийск және Камчаткада ұрпақ әкелген», — деп баяндады хайуанаттар бағында.

Хайуанаттар бағы өкілінің айтуынша, қонжықтардың әрқайсысының салмағы шамамен 300-400 грамм. «Анасының сүті жақсы болуы үшін, оған қосымша түрде жұмыртқа, сүт, қант, торттар, бал беріп отырмыз», — деп атап өтті ол.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version