Басты бетЖаңалықтарБиыл 2 мыңға жуық жұмыскер жалақысын ала алмаған

Биыл 2 мыңға жуық жұмыскер жалақысын ала алмаған

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 19,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

Республика бойынша 85 кәсіпорын 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 миллион теңге жалақысын бермеген. Тексеру кезінде 2,4 мыңнан астам еңбек құқын бұзу фактісі анықталды.

Жалақы бойынша берешегі бар және еңбек құқығын бұзған кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 1 588 ұйғарым берілді және 194 миллион теңге айыппұл салынды, — делінген хабарламада.

Нәтижесінде 1,9 мың жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 677 миллион теңге төленді. Жалпы биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 381 тексеру жүргізіп, 2 941 заңбұзушылық анықтаған:

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17,2 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.