Басты бетЖаңалықтарАлматыда мерзімі өткен дәрілерді қабылдайтын орындар ашылды

Алматыда мерзімі өткен дәрілерді қабылдайтын орындар ашылды

Алматының 36 емханасында кәдеге жарату үшін мерзімі өткен, пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған дәрі-дәрмектерді тапсыруға арналған контейнерлер орнатылды.

Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл не үшін маңызды? 

Дәрі-дәрмектер — қауіпті қалдықтар. Оларды дұрыс тастамау қоршаған ортаға және денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Белсенді заттар топырақ пен суға түсіп, экожүйелер мен адамдарға қауіп төндіреді.

Не тапсыра аласыз? 

Таблеткалар, капсулалар, майлар, кремдер, гельдер, ампулалар, бөтелкелер, сироптар және сұйық ерітінділер.

Тапсырар алдында препараттарды тығыз пакетке салып, байлаңыз. Қан болған шприцтер, инелер мен медициналық қалдықтарды тапсыра алмайсыз — олар медициналық мекемелерде бөлек жойылады, — делінген хабарламада.

Қабылдау пункттері бар емханалардың толық тізімі EcoNetwork сайтында қолжетімді.