Басты бетЖаңалықтарҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келеді

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келеді

16-17 маусым күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.

17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия–Қытай» саммиті өтеді.