Басты бетЖаңалықтарҮш жасар баланы қасақана өлтірген қызға үкім шықты

Үш жасар баланы қасақана өлтірген қызға үкім шықты

Түркістан облысында үш жасар баланы қасақана өлтіріп, тағы бір балаға қастандық жасауға оқталған қызға сот үкімі шықты.

Бұл туралы облыстық сот хабарлап отыр.

Тергеу органы күдіктіге жас баланы өлтіру, жас баланы өлтіруге оқталу баптарымен айып тақты.

2024 жылғы 16 мамыр күні сағат 09:30 шамасында Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында күдікті 2021 жылы туған көрші үйдің баласын жер үйінің ауласында әжетхана шұңқырына күштеп тастап, оны қасақана өлтірген.

Сонымен қатар 2024 жылғы 13 шілде күні сағат 20:00 шамасында басқа көршінің 2019 жылы туған баласын әжетхана шұңқырына тастайын деп жатқанда қылмыс әшкере болған.

2024 жылғы тамыз айындағы кешенді сот-психиатриялық-психологиялық сараптамасының қорытындысына сай, күдікті «Шизофрения симптомдары қабаттасқан жіті полиморфты психоздық бұзылу» түріндегі созылмалы психикалық ауруға шалдыққаны анықталды. «Оқиға кезінде күдікті психикалық ауру жағдайында болған, ол қылмыстық іс үшін маңызды болған іс-әрекеттерді дұрыс қабылдай алмаған және олар туралы жауап бере алмайды» деген тұжырым назарға алынып, қайта сараптама белгіленген.

2025 жылы сот белгілеген қосымша кешенді сараптамаға сәйкес, бірінші сараптама қорытындысы бойынша нәтиже өзгеріссіз қалған, — делінген хабарламада.

2025 жылғы 5 наурызда күдік сот қаулысымен күдікті қоғамға қауіпті іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес күйде жасаған адам ретінде танылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық станционарда медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.