Қазақстанға 87 елдің азаматы визасыз келе алады, тағы 107 елдің азаматы электрон визамен кіре алады.
Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкіметтің бүгінгі отырысында баяндады.
Туристің жолы әуежайдан басталып, қонақүй, мейрамхана мен туристік нысандарға дейін жалғасады. Осы аралықта әрбір кезеңде қолайлы жағдай жасалу қажет. Кейінгі жылдары Қазақстан шетел туристері үшін анағұрлым ашық елге айналды. Бүгінде 87 елдің азаматы Қазақстанға визасыз, тағы 107 елдің азаматы электрон визамен кіре алады, − деді министр.
Сонымен бірге әуе қатынасы да кеңейіп келеді. «Ашық аспан» саясатының арқасында өткен жылы 22 жаңа маршрут іске қосылды. Биыл тағы 32 маршрут жоспарланып отыр.
2024 жылы елге 15,3 миллион турист шетелден келген. Сонымен қатар 10 миллионнан астам ішкі турист ел ішінде саяхаттаған. Осыны ескере отырып, әсіресе жазғы маусымға барлық деңгейдегі органдар мұқият дайындалуы қажет, − деді Ербол Мырзабосынов.