Басты бетЖаңалықтарҚаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару мен жабдық тәркіленді

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару мен жабдық тәркіленді

Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқтарды заңсыз айналымнан алу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізіліп жатыр.

Заңсыз айналымнан 400 қару, 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды, 40 қару қоймасы анықталды. Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді. Атап айтқанда:

  • екі Калашников автоматы;
  • төрт тапанша;
  • төрт мылтық;
  • қызметтік бронежилеттер;
  • каскалар мен щиттар бар;
  • азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды.

29 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексеріп, әртүрлі 65 қару тәркіледі, – деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығы Қанат Нұрмағамбетов.