«Атырау–Орал» автожолын орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлап отыр.
Алдағы уақытта республикалық маңызы бар KAZ12 «Атырау-Орал» автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізу бойынша ауқымды жоба басталады, — деп жазылған хабарламада.
Бұл жол батыс өңірінің екі ірі қаласы – Орал мен Атырауды байланыстырады. Жалпы ұзындығы 487 шақырымды құрайды. Жоба 364 шақырым жол төсемін қамтымақ. Негізгі атқарылатын жұмыстар:
- иірімді учаскелерді жою,
- топырақты «суық» қайта өңдеу арқылы іргетасты нығайту,
- астыңғы және үстіңгі жабынды төсеу,
- жолжиекті күшейту,
- жол белгілерін орнату,
- таңбаларды салу.
Қазіргі таңда қаржы көзі қарастырыып жатыр. Содан кейін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, міндетті сараптамадан өтеді. Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
Қосымша автожолда шұңқырларды жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Орташа жөндеу жұмыстарын 2025 жылдан 2027 жылға дейін өткізу жоспарланып отыр.