Жыл басынан бері Алматыда 16 501 бала дүниеге келген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы бойынша филиалының хабарламасынан белгілі болды.
Қыздарға қойылатын есімдердің үштігі:
- Сафия;
- Мариям;
- Адия.
Ал ұлдарға ең көп қойылатын есімдер:
- Мұхаммед;
- Алан;
- Әмір.
Одан бөлек, жаңа туған нәрестелердің арасында Әлихан, Әмір, Айсұлтан, Хамза, Айлин, Асылым, Медина, Аяла сынды есімдер жиі қойылады. Сонымен қатар Алматы қаласында дүниеге келген балалардың ішінде Теона, Наоми, Айви, Эллая, Ай-Ашин сынды ерекше есімдер де бар.
Алматы қаласы АХАТ басқармасының басшысы Баян Абдулланованың айтуынша, жыл басынан бері қалада 16 501 бала дүниеге келген. Оның 8 500-і ұл бала және 7 974-і қыз бала.