Басты бетЖаңалықтарТоқаев Болгария президентімен қандай келісімге келгенін айтты

Тоқаев Болгария президентімен қандай келісімге келгенін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Болгария президентімен қандай келісімге келгенін айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Екі елдің президенттері алдымен өзара сауда-саттықты арттыруға келісті.

Біз қос мемлекеттің мүддесіне сай келетін жаңа инвестициялық жобаларды пысықтауға уағдаластық. Әсіресе, мұнай-газ, жаңартылатын энергия, жасыл энергетика, атом өнеркәсібі, цифрландыру, инновация, жасанды интеллект, ғарыш саласы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдени-гуманитарлық байланыстар және туризм сияқты салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды екенін атап өттік, — деді президент бірлескен брифиңде.

Сонымен қатар келіссөздер кезінде көлік-логистика саласында байланыстарды нығайту мәселесіне баса назар аударылды.

Бүгінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізі стратегиялық сауда жолының біріне айналды. Осы дәлізге Болгарияның «Бургас» және «Варна» теңіз порттарын қосу мәселесін қарастыруға келістік. Бұл жұмысқа екі елдің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы баса мән беру керек деп санаймыз. Мен комиссия аясында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жұмыс тобын құруды ұсындым, — деп атап өтті президент.

Бүгін екі елдің президенттері Қазақстан-Болгария бизнес форумына да қатысады. Осы орайда мемлекет басшысы бірлескен іскерлік кеңес құруды ұсынды.