Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында колледж студентінің мәйіті табылды

Түркістан облысында колледж студентінің мәйіті табылды

Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында жас қыздың мәйіті табылды. Ол колледждің бірінші курс студенті болған.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 6 маусым күні таңғы сағат 07:05 шамасында тіркелген. Оқиға орнына дереу жеткен құқық қорғау органдары күдіктіні жедел іздестіру нәтижесінде ұстаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары басталды. Тергеу барысы Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының қатаң бақыланып жатыр.

ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.