Басты бетЖаңалықтарЖОО-ға құжат қашан қабылданатыны белгілі болды

ЖОО-ға құжат қашан қабылданатыны белгілі болды

Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерге арналған күнтізбені жариялады. Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді.

ЖОО-ға құжаттарды қабылдау мерзімі – 20 маусым-25 тамыз.

«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі).

Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады.

Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді.

Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады.

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала алуға болады.