Тоқаев көлік министрі Марат Қарабаевты қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды, — деген жарлықта.
Марат Қарабаев биылғы көктемде жұмыс нәтижесі нашар болып, президенттен сөгіс естіген еді. Ол бұл лауазымды көлік министрі құрылған 2023 жылдан бастап атқарып келе жатқан еді. Оған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған.