Басты бетPushРуслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босап, орнына орынбасары тағайындалды

Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босап, орнына орынбасары тағайындалды

Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, — делінген жарлықта.

Жаңа қорғаныс министрі болып Руслан Жақсылықовтың орынбасары болған Дәурен Қосанов тағайындалды.

Дәурен Қосанов
Дәурен Қосанов. Фото: Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысының жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Дәурен Қосанов 1969 жылғы 14 қазанда Павлодар облысы, ҚазКСР, Краснокут ауданы, Новотроицкое ауылында дүниеге келген.

Үшарал жауынгерлік полкінде қызмет еткен. Талдықорғандағы «Су-27» эскадрильясының командирі болған. Одан кейін Қарағанды авиабазасы штабының бастығы қызметін атқарған. Шымкент авиабазасының командирі болып істеген.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалған. Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры болған.

2022 жылғы 29 желтоқсанда президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалған.

«Әскери ұшқыш мерген». II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

2024 жылғы 28 қыркүйекте мемлекет басшысының өкімі бойынша Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалған.