Басты бетЖаңалықтарТЖМ құтқарушылары 60 шетел азаматын эвакуациялады

ТЖМ құтқарушылары 60 шетел азаматын эвакуациялады

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы бұзылып қалып, шетел азаматтары жолда қалып қойған. Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары автобустағы 60 жолаушыны жақын маңдағы дәмханаға эвакуациялаған. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы республикалық маңызы бар Астана-Қарағанды-Алматы тас жолының 575 шақырымында Гүлшат ауылынан 14 км жерде, жолаушылар автобусы бұзылып қалған, — делінген хабарламада.

ТЖМ қызметкерлері автобустан жақын маңдағы жол бойындағы дәмханаға 60 жолаушыны, оның ішінде 15 баланы эвакуациялаған.

Эвакуацияланғандардың бәрі — Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының азаматтары. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.