Басты бетPushӨзбекстан алғаш рет футболдан әлем чемпионатына шықты

Өзбекстан алғаш рет футболдан әлем чемпионатына шықты

Өзбекстан алғаш рет футболдан әлем чемпионатына шықты. Құрама Азия аймағы бойынша 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде «А» тобында өнер көрсеткен.

Өзбекстан 9 матчтың қорытындысы бойынша 18 ұпай жинап, Иранға ғана жол берді. Шешуші матч Біріккен Араб Әмірліктеріне қарсы өтті. Ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, Өзбекстан құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.