Президент халықты құрбан айт мейрамымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін «Ақорда» жариялады.
Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Құрбан айт кезінде айтылар дұға-тілектер қабыл болсын, – деген президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев әр шаңыраққа құт-береке тілеген.