Қазақстан мен Бахрейн арасындағы тікелей рейстер апта сайын орындалады. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлап отыр.
5 маусымнан бастап Fly Arystan әуе компаниясы Алматы-Манама бағыты бойынша маусымдық рейстерді орындай бастайды. Ұшулар аптасына бір рет орындалады, — делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, Бахрейнге әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туризм, мәдени және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.