Астанада құрбандық шалуға арналған арнайы орындар белгіленді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес, 6 маусым күні таңғы сағат 6:00-де қаланың барлық мешітінде айт намазы оқылады.
Астанада арнайы бөлінген орындарда құрбандық шалу сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Аудан әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша 2025 жылы құрбандық шалуға арналған келесі бес орын белгіленді:
Байқоңыр ауданы: «Жайлау» базары – Алаш тасжолы, Ц-313 көшесі; «Big Шанхай» базары – Алаш тасжолы, 34/6 (Көк базардың артында); «Баракат» базары – А-369 көшесі, №10 ғимарат; «Шәушен» шаруа қожалығы – Алаш тасжолы, 136Б.
Алматы ауданы: «Ет-Хан» ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.
Сонымен қатар Құрбан айт күндері құрбандық шалу және өзге де өзекті мәселелер бойынша тұрғындарға кеңес беру үшін «109» call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болады.
Айта кетейік, биыл Қазақстанда Құрбан айт мейрамы 6-8 маусым аралығында өтеді.