Басты бетЖаңалықтарАстанада құрбандық шалатын орындар анықталды

Астанада құрбандық шалатын орындар анықталды

Астанада құрбандық шалуға арналған арнайы орындар белгіленді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес, 6 маусым күні таңғы сағат 6:00-де қаланың барлық мешітінде айт намазы оқылады.

Астанада арнайы бөлінген орындарда құрбандық шалу сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Аудан әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша 2025 жылы құрбандық шалуға арналған келесі бес орын белгіленді:

 Байқоңыр ауданы: «Жайлау» базары – Алаш тасжолы, Ц-313 көшесі; «Big Шанхай» базары – Алаш тасжолы, 34/6 (Көк базардың артында); «Баракат» базары – А-369 көшесі, №10 ғимарат; «Шәушен» шаруа қожалығы – Алаш тасжолы, 136Б.

 Алматы ауданы: «Ет-Хан» ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.

Сонымен қатар Құрбан айт күндері құрбандық шалу және өзге де өзекті мәселелер бойынша тұрғындарға кеңес беру үшін «109» call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда Құрбан айт мейрамы 6-8 маусым аралығында өтеді.