Басты бетЖаңалықтарТоқаев ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді

Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Бұл туралы Ақорданың бапасөз қызметі хабарлап отыр.

Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Жиын соңында президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.