Басты бетЖаңалықтарДәрігерлер мен сарапшылар Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтайтын жаңа тәсілдер ұсынды

Дәрігерлер мен сарапшылар Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтайтын жаңа тәсілдер ұсынды

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен «Денсаулық» ұлттық қауымдастығы қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріне арналған халықаралық форум өтті.

Еуропадан, Ресейден және Орталық Азиядан келген және Қазақстан сарапшылары созылмалы аурулар мен тәуелдікке бейімд болудың, оның ішінде темекі шегудің көбеюін және олардың алдын алудың заманауи әдісін талқылады. Форумда зиянды азайту стратегиясы заманауи денсаулық сақтау жүйесінің бас құралы деп қарастырылды.

Қате өмір салты – денсаулыққа қауіпті фактор

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, денсаулық жартылай адамның өмір салтына байланысты. Күнделікті қарапайым әдеттер – қозғалыс аз екені, шамадан тыс тамақтану, ішімдікке әуес болу, темекі шегу болашақта созылмалы аурулардың негізін қалайды.

Қазақстанда ересек тұрғындардың шамамен 20%-і әлі де темекі шегеді. Бұл әдеттің салдары елдегі статистикадан айқын көрініп тұр: 2022 жылдың өзінде 3 831 өкпе мен кеңірдек қатерлі ісігінің жаңа дерегі тіркелген, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) диагнозы 17 000 адамға қойылған.

Спикерлер мәселе жүйелі түрде болатынын айтып өтті. 2014 жылы халықтың 22,4%-і темекі шексе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 20,8% болды, ал 2024 жылға қарай шамамен 20%-ке тұрақтады. Дегенмен абсолютті көрсеткіштерде темекі шегетіндер саны артып келеді: кейінгі 10 жыл ішінде 2,8 миллионнан 3 миллионға жуық адамға жетті. Бұл стандартты реттеу шаралары, тыйым салу мен қатаң шектеулер арқылы мәселені шешу жеткіліксіз екенін көрсетеді.

Мен дәрігер ретінде тыйым салу ештеңе шешпейтінін мәлімдеймін. Бұл тамаққа тәуелді болуға да, алкоголь ішуге де немесе темекі шегуге де қатысты. Адам өзі қаласа, психологиялық тәуелдікті жеңе алса, барлық «зиян әдеттен» өз бетінше бас тарта алады. Ал тәуелді болу – адамның мінез-құлқына жасырын әсер ететін, бірақ өте күшті фактор, – дейді м.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Денсаулық» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Талғат Нұрғожин.

Әлемдік тәжірибе: кімдерден үлгі алу керек?

Халықаралық форумға қатысқандар зиянды азайту стратегиясының тиімді екенін дәлелдеген елдердің нақты мысалдарын талқылады. Темекіге тәуелді болуды азайту бойынша көшбасшы елдердің бірі – Швеция. Бұл скандинавиялық елде ересек тұрғындардың 6%-і ғана темекі шегеді, ал жарты ғасыр бұрын әр екінші ер адам темекі шегетін. Ел мұндай жетістікке кешенді тәсіл арқасында жетті: мемлекет белсенді түрде халықты ақпараттандырып, зияны аз баламалы өнімдерді оңай алатындай етті және сараланған акциз саясатын енгізді.

Зиян мен қауіпті азайтуға негізделген тәсіл – емдеудің бір ғана түрі емес, Чехия үкіметінің жалпы мемлекеттік саясаты. Тамақтану мәселесінде – бұл өнімдердегі қант пен тұз мөлшерін біртіндеп азайту, алкоголь бойынша – ішімдіктердің градусы мен ұсынылатын спирт мөлшерін төмендету, темекі шегу бойынша – дәстүрлі темекіден бас тартып, зияны аз баламаларға көшу, – деп айтып өтті Чехия премьер-министрінің тәуелді болу мәселелері жөніндегі кеңесшісі, психотерапевт, IRAP институтының (Тәуелді болуға қарсы күрес бойынша рационал саясат институты) негізін қалаған әрі қамқоршылық кеңесінің төрағасы Йиндржих Воборжил.

Жапония қысқа мерзім ішінде темекі шегетіндер санын 30% азайта алды. Ел бұл жетістікке дәстүрлі темекіні шектеумен қатар, зияны аз баламаларды насихаттау мен өндіруді дамытқаны арқасында жетті.

Жаңа Зеландия ұлттық ерекшеліктерге бейімделген алдын алу шаралары арқылы темекі шегетіндердің үлесін 10 жыл ішінде 6,8%-ке дейін төмендетті. Ал Чехияда зиянды азайту саясаты мемлекеттік бағдарлама деңгейінде жүзеге асып жатыр.

Тыйым мен қолдаудың тиімді үйлесімі

Тәжірибе ктыйым салу шаралары маңызды болғанымен, олар әдет табиғатын елемей, ұзақ мерзімді нәтиже бермейтінін көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, шектеуден бөлек, зиянды азайту стратегиясын енгізу тиімдірек нәтиже береді. Мұндай стратегия адамның зиянды әрекеттен толық бас тартуға дайын болмағанда, оны айтарлықтай қауіпсіз баламаға ауысуға ынталандырады.

Бұл тәсіл шеңберінде никотин мен жану өнім арасындағы айырмашылық туралы ақпараттандыру, темекіні түтінсіз тұтыну технологиясын дамыту және саналы таңдау мәдениетін қалыптастыру жатыр. Маңыздысы – зиянды азайту. Бұл — зиян әдетке рұқсат беру немесе ымыраға келу емес, ғылыми негізделген шара және тәуелді болудан арылуға жасалған нақты қадам.

Public Health England ғылыми журналында жарияланған зерттеу бойынша, кейінгі буын хиттерлері ғалымдар тарапынан дәстүрлі темекіге қарағанда 95–97% зияны аз деп танылған. Себебі бұл құрылғыларда жану процесі мүлде болмайды, демек, жанатын өнімдер – мыңдаған улы және канцерогенді заттар да түзелмейді. Академик Нұрғожиннің пікірінше, «адам темекіден біржола бас тарта алмаса, ақылға қонымдысы – түтінсіз баламаларға көшу». Бұл – темекіге тәуелділердің денсаулығына төнетін қауіпті азайту мүмкіндігін ұсыну деген сөз.

Конструктив бағыт-бағдар

Қазақстанда темекі шегу деңгейі өзгермеген әрі зиян әдеттердің салдарынан туындайтын диагноздардың саны артып келеді. Бұл жалпы ұсынысты ұстану жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Демек, халықтың мәдени, мінез-құлық және экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, өзіндік модель әзірлеу керек. Форумға қатысқандар жүйелі скриниңді дамыту, білім беру бастамаларын енгізу, профилактикаға ғылыми тәсілді күшейту және зияны аз баламаларға көшуді ынталандыру сияқты шара ұсынды.

Сонымен қатар мемлекет адам қысымға ұшырамай, барлық қажет ақпарат пен қолдауды ала алатындай кеңістік ұйымдастыруы қажет. Зиянды азайтуға бағытталған кешенді тұжырымдама дәл осылай іске асады. Бұл — тәуелді әдеттің бар түріне, соның ішінде темекі шегуге де қатысты қолдануға болатын үлгі.