Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында диқандар биылғы алғашқы қарбызды үзіп жатыр

Түркістан облысында диқандар биылғы алғашқы қарбызды үзіп жатыр

Түркістан облысында диқандар биылғы алғашқы қарбызды үзіп жатыр. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлап отыр.

Бұл шаруаларға суды дер кезінде жеткізіп берудің арқасында жүзеге асты. Биылғы алғашқы қарбызымызды жөнелтуге дайынбыз. Су жақсы берілгендіктен, қарбызымыз суды көп сіңіріп, жақсы өсті, — дейді Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Тың ауылының диқаны Қуанбай Бексұлтан.

Министрліктің мәліметінше, суару маусымы басталғалы еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі «Қазсушар» филиалдары диқандарға 2,5 миллиард текше метрден астам су берген. Түркістан облысына 1,3 миллиард текше метр су беріліп, 276 мың гектар жер суарылды. Жалпы аймақтағы диқандар биыл судан таршылық болмағанын айтады.

Жетісай ауданында 84,3 мың гектар егіс алқабын суаруға 304 миллион текше метр су жіберілді. Оның 97,5 миллион текше метрі 13 384 гектар бақша және көкөніс алқабын суаруға жұмсалды. Күн райы қолайлы болып, суармалы су ерте берілгені арқасында Түркістан облысының диқандары сәуір айының ортасында қырыққабаттың алғашқы өнімін терді. Ал мамыр айының соңғы онкүндігінде қауынның алғашқы өнімін алды, — делінген хабарламада.