Басты бетЖаңалықтарҚазақстанға ресми сапармен Болгария президенті келеді

Қазақстанға ресми сапармен Болгария президенті келеді

8-9 маусым күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады, — делінген хабарламада.