Басты бетЖаңалықтарАлматыда жаңа туған сәбилерді сатқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Бұл қылмыстық схема кейінгі бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып келген.

Негізгі мақсаты – әлеуметтік жағынан осал топтағы әйелдерден, соның ішінде шетел азаматтарынан туған сәбилерді сатып алуға ниетті адамдарға заңсыз жолмен беруді ұйымдастырған. Жедел іс-шаралар барысында жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сату әрекеті құжатталған. Ақша беру кезінде күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Сәби мемлекет қамқорлығына беріліп, тиісті мекемеге орналастырылды, — дейді ведомстводағылар.

Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Басқа өңірлерде де осыған ұқсас эпизодтардың болған-болмағаны тексеріліп жатыр.

Бұл бір реттік әрекет емес. Мұнда тұрақты, тіпті өңіраралық байланыстары бар тізбектің бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Барлық қатысы бар адамды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.