Басты бетЖаңалықтарСотталғандарға рақымшылық жасалады. Тізімге кім ілігеді?

Сотталғандарға рақымшылық жасалады. Тізімге кім ілігеді?

Мәжіліс депуттары Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы жұмысқа алды.

Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндірмейтін қылмыстар үшін сотталғандарға рақымшылық жасалды.

Оның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын — кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдарды, зейнеткерлерді, мүгедектерді босату ұсынылады, — деді Снежана Имашева.